#CancelElbasy: Алматыда белгісіз біреулер Назарбаев муралын өзгертіп тастады

0

9 мамырда Алматыда белгісіз біреулер Назарбаев муралын өзгертіп, оған «Cancel» (қазақша — бас тарту) деп жазып және «Forever Young» (қазақша — мәңгі жас) сөзін бояп тастаған, деп жазады the-village-kz басылымы.

Сондай-ақ муралда #Qazaqkoktemi хештегі пайда болған.

Бұған дейін бұл жерде қайтыс болған америкалық рэпер XXXTentacion муралы тұрған. 4 мамырда оның орнына Нұрсұлтан Назарбаев муралы пайда болған.

Артынша Назарбаев суретіне әлдекімдер  «Elbasy» және «Forever young» жазуларын жазып кеткен еді. Мурал Алматыдағы Жароков пен Мыңбаев көшелері қиылысында салынған.

Qamshy.kz