БЖЗҚ жыл басынан бері қазақстандықтарға қанша ақша төледі

0
25

Экономика

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

 2020 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушыларға 195 384 төлем жасады

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. 2020 жылдың бірінші тоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларына 45 миллиард теңгеден астам төлем жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы қоры шоттағы ақшасының азайғанына алаңдаған қазақстандықтарға жауап берді 

БЖЗҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы сомасы 45 миллиард теңге болатын 480 мыңнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.

Оның ішінде:

  • зейнеткерлік жасқа толуы бойынша төлемдер – 16,7 миллиард теңге;
  • тұрақты тұруға шетелге кетуіне байланысты төлемдер – 11,6 миллиард тенге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 8,4 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 7,1 миллиард теңге;
  • жерлеуге берілген төлемдер – 780 миллион теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 476,5 миллион теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайын төленетін (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) орташа төлем 22 082 теңге болса,  ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы – 506 980 теңге.



sputniknews.kz