БЖЗҚ қаржы құйған банк басшысының әйелі сот алдында жауап берді

0

Ұлыбританияның жоғарғы соты «Халықаралық Әзірбайжан банкінің» бұрынғы басшысының әйелі Замира Гаджиеваны тергеді. Оның күйеуі қазір жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Риа новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

turan.az

Фото:turan.az

Гаджиева қылмыстық жолмен табылған ақша үшін жауапқа тартылған және заң алдында жауапқа тартылған бірінші өзге ел азаматшасы.

Бұдан бұрын британдық қылмыспен күрес бойынша Ұлттық бюро Гаджиевадан шамамен 400 мың фунт (193,7 миллионнан аса) тұратын әшекей бұйымдарын тәркілеген болатын.

Тергеушілер ХӘБ бұрыңғы басшысының әйеліне бұл әшекейлердің қандай жолмен келгенін анықтап жатыр. Сотталып кеткен бұрыңғы банк басшысының әйелі Harrods дүкенінде 16 миллион фунт (шамамен сегіз миллиард теңге) жұмсағаны осыдан бұрын хабарланған болатын.

Сонымен қатар, британ үкіметі Гаджиевадан жеке меншігін қандай ақшаға алғанын түсіндіруді талап етіп отыр.

Сот отырысында әйел адам бұл байлықтың оған күйеуінен қалғанын мәлімдеді.

«2009 жылы күйеуім бай адам болған. 1997 жылы біз үйленген кезде де ауқатты адам еді. Ол қаржысын 1990 жылдардан бері көбейтумен айналысты», — деді Гаджиева.

Гаджиева Лондондағы үйдің сатып алынғандығын және күйеуінің жүргізген басқа да қаржы операцияларынан хабарсыз болғанын мәлімдеді.

Сот қорғаушы тараптың 55 жастағы әйелді кепіл ақы беріп босату өтінішін мақұлдады. Гаджиева кепіл ақы ретінде жарты миллион фунт (шамамен 242 миллион теңге) төледі.

Алайда, ол кешкі тоғыздан кейін үйінен шыға алмайды. Сонымен қатар, оған Лондонның айналма автожолынан асып шығуға да болмайды. Гаджиева ай сайын полицияда тіркеліп отыруы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, Замира Гаджиеваның әжекейлері тәркіленген болатын.