БЖЗҚ миллиардтары «ҚазАгро» холдингіне берілді

0

БЖЗҚ қаржысы «ҚазАгро» холдингіне берілді.

Ұлттық Банк баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 450 миллиард теңге қаржысы «ҚазАгро» холдингіне инвестиция ретінде салынған.

«ҚазАгро» мемлекеттің индустриалды даму жобасы аясында ауылшаруашылығы өнеркәсіптерін дамыту бағыты бойынша жұмыс істеп жатқан негізгі институт. «ҚазАгроның» негізгі акционері Ауылшаруашылығы министрлігі. Холдинг халықаралық рейтингтік агенттіктерден жоғары баға алған және құнды қағаздар нарығында сенімді қарыз алушылар қатарында. «Fitch Ratings» агенттігінің шкаласы бойынша, «ҚазАгро» ұзақ мерзімге несие алу рейтингінде «ВВВ-» сатысында. 2018 жылдың 1 қазан айындағы есеп бойынша, холдингтің жеке қаржы активтері 244,9 миллиард теңгеге тең» — делінген Ұлттық Банк таратқан мәлімдемеде.

Естеріңізге салайық, 2014 жылдың қазан айында Бірыңғай жинақтаушы зайнетақы қорының 250миллион доллар қаржысы Әзірбайжан Халықаралық Банкіне инвестиция ретінде салынған. Кейіннен аталмыш банк өзінің банкрот екендігін мәлімдеп, 2017 жылдың мамыр айының 11-і күні Нью-Йорк сотына өздерін банкрот деп тануды сұрап өтініш жіберген. Осыдан кейін БАҚ беттерінде «БЖЗҚ қаржысын елге кім қайтарады?» — деген сұрақ қызу талқыланған. Ақыр соңында Әзірбайжан тарапы БЖЗҚ қаржысын 2032 жылға дейін қайтаратынын мәлімдеген.

«The Qazaq Times»