Былтыр Қазақстан ормандарында 121 гектарға жуық жер өртенген

0

2018 жылы Қазақстанда орман өрті бойынша 358 жағдай тіркеліп, 120 991 гектар аумақ өртенген. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.

Ділдахмет Facebook парақшасында жарияланған дерекке сай, өртенген 120 991 га аумақтың 43 гектарға жуығы – орманмен көмкерілген аудан.

Өрт болған барлық оқиғаның 70-іне дала өртінің орманға көшуі себеп. «Үшеуі – орман пайдаланушылардың, екеуі – түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың, 13-і жергілікті жұртшылық кінәсінен болған» деп жазады министрлік өкілі.

Ділдахметтің жазуынша, найзағай тиген соң басталған өрт саны – 168. Ол орманда болған 103 өрттің себебі анықталмағанын жазады.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда былтыр орман 2017 жылмен салыстырғанда 1,6 есе аз өртенгенімен, жанып кеткен аумақ көлемі 9 есе артқан.

Оқи отырыңыз: Қазақстан орманшылары табиғатты қалай қорғап жүр

Министрлік былтыр болған ірі орман өрттерінен соң 25 лауазымды қызметкері жауапқа тартылғанын айтады. Оларға сөгіс жарияланған. Бұдан бөлек ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 157 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылған.

Azattyq