БҰҰ Украинаға қатысты қарар қабылдады: Қазақстан қолдады ма?

0

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейден Украинадан Дереу әскер шығаруды талап етті, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«БҰҰ БА Ресей Федерациясынан Украинаға қарсы күш қолдануды дереу тоқтатуды, өзінің барлық қарулы күштерін халықаралық деңгейде танылған шекараларда дереу, толық және сөзсіз шығаруды талап етті», – деді БҰҰ.

Қарарға 141 елдің делегациясы қолдау білдірді, 5 ел қарсы шықты, 35  ел қалыс қалды.

Ресей, Беларусь, Сирия, КХДР және Эритрея  «қарсы» дауыс берді. Қалыс қалғандар қатарында Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Үндістан, Иран, Пәкістан, Куба, Судан бар.

«Әлемнің 96 елі бірлесіп жазған «Украинаға қарсы Агрессия» қарары Ресей Федерациясынан Украинаның Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аймақтарының мәртебесі туралы шешімін алып тастауды талап етед», — деп хабарлайды БҰҰ.

Дауыс беруден кейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарарды ұстануға және ондағы үндеулерді басшылыққа алуға міндетті екенін айтты.

«Біз бір минутты жоғалтпаймыз. Жанжалдың салдары айқын. Бүгінгі жағдай Украина тұрғындары үшін өте қиын болды, бірақ ол әлдеқайда нашар болуы мүмкін», – деді БҰҰ басшысы.