БҰҰ-ның жеті қызметкері коронавирустан көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

Кем дегенде БҰҰ-ның жеті қызметкері COVID-19-дың құрбаны болды. Қайтыс болғандардың ішінде Нью-Йорктегі хатшы, біреуі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қызметкері және біреуі ЮНИСЕФ қызметкері болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжарриктің қатысуымен өткен видео-конференцияда мәлім болды.

«Бізге БҰҰ жүйесінде 520 расталған жағдай туралы хабарланды. АҚШ-та 147 оқиға тіркелді, оның 78-і Нью-Йоркте болды. Өлімге қатысты, өкінішке орай, олардың саны жетіге жетті», — деді БҰҰ бас хатшысының өкілі.

Дюжаррик марқұмдардың бірі Нью-Йорктегі БҰҰ хатшылығының қызметкері, ал қалған екеуі ДДСҰ және ЮНИСЕФ-тің қызметкерлері болғанын айтты.

Американың Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, 188 елде пандемия басталғалы бері 4,8 миллионға жуық инфекция тіркелген. Хабарланған барлық жағдайлардың шамамен 70 пайызы 10 елде — АҚШ, Ресей, Бразилия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Франция, Германия, Түркия және Иран елдерінде кездеседі.

Жалпы алғанда, 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап әлемде COVID-19-дан 318 мың адам қайтыс болды, шамамен 1,7 миллион адам емделді. Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқпасының 6751 жағдайы тіркелген, 35 науқас қайтыс болды, 3469-ы емделді.

 

stan.kz