БҰҰ басшысы Талибан өкілдеріне үндеу жасады

0

ҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Талибанды шабуылды тез арада тоқтатып, Ауғанстан мен оның халқының мүддесі үшін келіссөздер бастауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

«Соғысты таңдаған халықаралық қоғамдастыққа үндеуім мынадай: билікті әскери күшпен жаулап алу – жеңілетін тәсіл. Бұл ұзаққа созылатын азаматтық соғысқа немесе Ауғанстанды толықтай жабық мемлекетке әкеліп соқтыруы мүмкін», — деді Гутерриш Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде журналситерге берген сұхбатында.

«Ауғанстандағы жағдай бақылаудан шығып барады», — деп есептейді Бас хатшы.

БҰҰ басшысы шиеленістің барлық тарапына олардың міндеті — бейбіт тұрғындарды қорғау екендігін еске салды. Соғыс әрекеттері салдарынан түрғындар жапа шегіп жатыр, деп атап өтті Бас хатшы.

Осы жылдың басынан бері 400 мың ауғандық үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Олардың 80 пайызы – әйелдер мен балалар.

Еске салсақ, «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның маңызды әрі ірі қалаларын басып алды. Халықаралық ұйымдар дабыл қағып Ауғанстанда соңғы 72 сағатта ондаған бала қаза тапқанын жариялады.