БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Бас хатшы мемлекет басшысына табыс тілеп, жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

«Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз», – деді Гутерриш.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның БҰҰ-мен ықпалдастығын одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың ұлықтау рәсімі қалай өтеді — видео

Әңгіме барысында өзара ынтымақтастық пен жаһандық ұйымның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Еске сала кетсек, 9 маусым күні өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96% дауыс жинады.



sputniknews.kz