БҰҰ Бас Ассамблеясы алғаш рет «Хамас» ұйымын айыптаған қарарға дауыс бермек

0

Бүгін, БҰҰ Бас Ассамблеясында Газа секторын бақылауына алып келген «Хамас» ұйымына қатысты алғаш рет айыптау қарарына дауыс беріледі.  Құрама Штаттар тарабынан ұсынылған бұл қарарда аталған ұйымды Израильге қарсы зымыран шабуылын жасағаны үшін  айыптайды.

Палестина тарабы БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті отырысына Израильдің елді мекендер құру әрекеттеріне қарсы айыптауды қосуға тырысты.

АҚШ Еуропа Одағына мүше 28 мемлекеттік қолдауын алу үшін, қарарға «Қатысты БҰҰ шешімдері» деген мазмұндарын қосып отыр. Алайда, оның қандай шешімдер екені туралы анық айтпады.

Қарар жобасында «Хамас» және Палестина исламдық жиһадтын қамтыған радикалды топтардың әуеге атылатын құралдарын шектеуді талап етеді.

Израильдің БҰҰ-дағы өкілі де қарардың қабылдануын өтінді. БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті қарары қандай нәтиже берсе де, бұл Құрама Штаттардың Израильге деген айрықша қолдауын тағы да бір әйгіледі.

“The Qazaq Times”