«Бұрынғы жігітім қоқаң-лоқы көрсетуде»: Анна Данченко көпшіліктен көмек сұрады

0

Тележүргізуші Анна Данченко экс-жігітінің қоқан-лоқы көрсетіп жүргенін айтып, оқырмандардан көмек сұрады. Оның айтуынша, бұрынғы сүйіктісі одан қарызға ақша алып, сол күйі қайтармаған.

“Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын жүрген жігітім ағасының еміне қарызға ақша сұрады екі аптадан кейін қайтарамын деп. Ол кезде бірге едік. Екі жыл өтті. Жақында ғана анамның еміне қажет ол ақша деп сұрадым. Оған бәрібір екен менің анамның денсаулығы. Әкемді жерлейтін кезде де өз ақшамды сұрадым. Қайтармады. Енді сұрасам, мені қорқытып жатыр. Жігіттің өзі қарыз бола тұра қыз балаға қоқаң-лоқы жасап, қорқытуы дұрыс па? Нағыз ер адам осылай жасай ма? Ия, мен табиғатынан нәзік, әйел адаммын. Бірақ, мен өзімді бұлай басындырып қоймаймын. Сотта кездесеміз дедім, күлді. Енді маған мықты юрист, адвокат керек. Маған қазір анамның денсаулығы маңызды. Мен соңына дейін барамын. Мен ол ақшаны өзімнің адал еңбегіммен тапқанмын. Қорытынды: ешкімге ешқашан қарызға ақша бермеңіздер», — деп жазды ол.

Фото: instagram.com/ann_2905