Бұрынғы ТЖ министрі Сырым Шәріпханов қайда жүр

0

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов бұрын осы салада министр болған Сырым Шәріпхановты жұмысқа шақыру туралы сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«Ол кісі назардан тыс қалған жоқ, басында-ақ сөйлестік. Әртүрлі ұсыныстар болды. Бірақ ол қазіргі таңда өзінің денсаулығын, отбасы жағдайын дұрыстап алған соң, бір айдың ішінде шешім қабылдайды. Дегенмен біз жақтан барлық ұсыныстар жасалды», — деді Шыңғыс Әрінов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сырым Шәріпханов министр лауазымын небары 8 ай атқарды.

Бұған дейін Шыңғыс Әрінов «Майқайыңалтын» кен орнындағы қазіргі ахуалды баяндап, өзі қашан баратынын айтқан еді.