Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбеде бұрынғы күйеуі әйелінің бетін пышақпен тіліп тастаған. Жәбірленуші халықтан көмек сұрап, қорғауын өтініп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31» арнаға сілтеме жасап.

Айнагүл

28 жастағы Айнагүлге бұрынғы күйеуі ол жұмыста болған кезе қастандық жасаған. Айнагүл Ақтөбедегі құймалы сусындар сататын дүкенде жұмыс істейген. Спирттік ішімдік ішкен ер адам мас болып, бұрынғы реніштерін еске түсіріп, дүкеннен адамдардың кетуін күткен. Дүкенде ешкім қалмаған кезінде күдікті әйелге шабуыл жасап, жерге құлатып, бетін пышақпен тіле бастаған.

«Үлкен күйзелістен өттім, «шок» жағдайында болдым. 13 наурыз күні маған 2018 жылы ажырасқан бұрынғы күйеуім шабуыл жасады. Қазір мен өз өмірім үшін қатты алаңдаймын. Балам денсаулығы мен өмірі үшін де. Ал менің бетімді адам көргісіздей сүйкімсіз етті. Менде үлкен тыртықтар қалды», — дейді ол.

Белгілі болғандай, екі жыл бұрын күйеуінің қызғаншақтығы мен себепсіз тиңсуінен шаршаған Айнагүл ажырасуға өтініш берген. Бірақ, осы жылдар бойы бұрынғы күйеуі оған тыныштық бермеген. Кейіннен күдіктіні ұстағаны белгілі болған, алайда, көп өтпей оны бостандыққа шығарған. Бұл жағдайға белсенділер наразылығын білдірді.

«НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Тансаридің айтуынша, бұл жағдайды тұрмыстық зорлық-зомбылық ретінде қарастыруға ауыстыруы мүмкін. Осылайша, күдікті жазадан қашып құтыла алады.

«Өзін бақыламаған. Тек ұрып, өзінің жоспарын орындаған. Ол тек өлтірмеген, әйелдің бетін толық сүйкімсіз етуі мүмкін еді. Қылмыстың ауыр екені анық. Ол жәбірленушінің келісімінсіз, факт бойынша қарастырылуы керек. Мұндай жағдайда әйелден сұраудың да қажеті жоқ еді. Өз кезегінде, біздің полиция тұрмыстық зорлы-зомбылық туралы заң бар екенін біледі және үнемі соған сілтейді», — дейді Дина Тансари.

«Күдікті азамат ҚР ҚК-нің 108 бабы «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша ұсталды. Тергеушілер жұмысын бастап кетті», — деді Ақтөбе облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Самат Аисов. 

Әлеуметтік белсенділер болса, күдіктіні басқа бап бойынша жазалау керектігін айтты. Кейіннен белгілі болғандай, тәртіп сақшылары істі «денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру» бабына сәйкес ауыстырған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

 

 

 

stan.kz