Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күдікті емес — Бас прокуратура
Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздікке күдікті емес. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
«Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күдікті емес. Ол Бас прокуратураның Ведомствоаралық тергеу және жедел тобы тергеп жатқан қылмыстық ісіне куәгер ретінде жауап берді», — деп хабарлады Tenrginews.kz тілшісіне министрліктің баспасөз қызметі.