Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа лауазымға тағайындалды

0

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа лауазымға тағайындалды. Ол qazmed республикалық салалық медицина қызметкерлері кәсіподағы төрағасының кеңесшісі болды, деп хабарлайды  Kznews.kz порталы Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

Экс-министр кәсіподақ мүшелерімен бірге медицина мәселелерімен айналысады. Оның айтуынша, салада кадрлар мен жалақы мәселесі әлі де өзекті болып отыр.

Әріптестеріне арнаған сөзінде Біртанов медициналық жұртшылықтың мүдделерін ілгерілету үшін өзінің барлық тәжірибесі мен білімін пайдаланатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Елжан Біртанов 2017 жылдан 2020 жылға дейін денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Коронавирустық пандемия кезінде Біртанов ауырып, отставкаға кетті.

Ақпарат: arbat.media

 


Тегтер:Біртанов