Бұрынғы әйелін кепілдікке алған Орал тұрғыны абақтыда жатып оның үстінен шағым түсірген — Қазақстан жаңалықтары

0

Бұрынғы әйелін кепілдікке алып, зорлап, өлтіруге тырысқанқаннан кейін тергеуге алынған Орал тұрғыны оны бірнеше қылмыстық әрекеттері үшін айыптады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі БҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Не Молчи» қорының жетекшісі Дина Тансари Facebook-тегі парақшасында тергеу күдіктінің тарапына қарай жүріп жатқанын жазды. Себебі ер адам 2018 жылы атыс қаруын сақтағаны үшін сотталып, оған 500 АЕК көлемінде айыппұл ғана салынған.

«2019 жылдың қараша айының соңында елді күйеуі пышақпен және гранатамен қорқытып ұстап тұрған әйелдің кепілге алынуы туралы жаңалық шошытты.
Оралда ер адам кепілдікке алған әйелін оның жұмыс істейтін нотариус кабинетінде 6 сағаттан астам уақыт ұстап, полицияның көзінше аяғына пышақ жарақатын салып, өзінің ниетінің маңыздылығын көрсеткен. Тапанша, автомат, 100 000 АҚШ долларын, инкассатор машинасын, ұшақты талап еткен! Осы талаптардың арасында қорқытып, әйелін зорлап, шампан мен шоколад талап етіп, соңында көз жұмар алдында жұбайын балмұздақпен тамақтандыру үшін балмұздақты сұрады!»,- деп жазды ол.

Тансаридің мәліметінше, оқиға орнына келген полицейлердің бірі ер адамның жерлесі болып, онымен келіссөздер жүргізіп, әйелді құтқарып қалған.

«Олар 2017 жылдың ақпан айында танысқан, ал шілде айында Ерлан мен Ираида үйлену тойын өткізген…Үйлену тойынан бірнеше күн өтпей-ақ, ол агрессия мен наразылық таныта бастаған, ал бес күннен кейін нағыз азаптаулар басталды! Ол оны үш күн байлап, қорлады!», — деді Тансари.

Оның сөзінше, ер адамның талабы әйелге сыйға тартылған үйді өз атына жаздырту болған. Әйелді қорлау, қорқыту оқиғаларының бәрін оның ұлы көрген. Ираида өзінің және баласының өмірі үшін алаңдап, ер адамның талабына келіскен. 

Дина Тансаридің жазуынша, Ерлан бұған дейін екі рет үйленген, бірінші әйелі оны еске алудан мүлде бас тартқан, ал екіншісі азаптауға төтеп бере алмай, 2-ші қабаттың терезесінен секірген және жылжымайтын мүлігінен айырылып қалған.

«Осы кезең ішінде Ираида полицияға 30-дан астам рет шағымданған, бірақ оның 13 шағымы, туыстарының 6 шағымы, 2 қорғау бұйрығы, елордада тұратын туыстарының Бас Прокурорға, Ішкі істер министрлігіне, «Нұр Отан» партиясының кеңсесіне түскен шағымдары құқық қорғау органдарымен расталды. Бізде бұл өтініштерге ресми жауап бар, онда барлық өтініштер күні бойынша белгіленген, олардың барлығы дерлік қараусыз қалды! Әр жолы ол өлім мен азаптаумен қорқытып, әйелді арыздан бас тартуға мәжбүр етті», — деді «Не Молчи» қорының жетекшісі.

Ерланның әйелді қорқыту, азаптау әрекеттері тоқтамаған. Ираида, тіпті, ағасына хат жіберіп, онда егер өліп кетсе, оған кінәлі күйеуі болатынын жазған. Сонымен қатар, ол жеке күзет қызметіне де жүгінген.

«2019 жылдың 29 қарашасында мен Ираиданың ағасымен ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Р.Т.Жакуповпен кездестік. Бізге іс министр Е.З. Тұрғымбаевтың жеке бақылауында екенін, ол жерге ҚР ІІМ-нен арнайы топ жіберілгенін айтты және ол шынымен де солай болды. Біз бәріміз тынышталып, тергеуге сендік», — деп жазды Дина Тансари.

Дегенмен қазыр, Тансаридің жазуынша, ақылға қонымсыз істер болып жатыр. Күдікті абақтыда бола тұра, жәбірленушіге түрлі ойластырылған фактілер бойынша арыз жазған.

«Тергеу барысы күдіктінің тарапына қарай жүріп, оның әрбір өтірік сөзіне қылмыстық іс қозғап жатыр! Қазір үш іс бойынша қылмыс құрамы жоқ екені дәлелденді! Бірақ күдіктінің қорғаушысы күдіктінің барлық жаңа шағымдарын әкелуді жалғастыруда!», — деді ол.

Қор жетекшісінің сөзінше, тергеушілер барлық абсурдтық мәлімдемелерді қабылдап, жәбірленушіге қарсы іс қозғап жатыр. Ал күдіктіге қатысты көрінеу жалған ақпарат жеткізу бойынша ешқандай іс әлі күнге дейін қозғалмаған. 

«Тергеуші әйелге қоңырау шалып, оны ертең Исламғалиевтің атына оны азаптау, бопсалау және алаяқтық жолмен беруге мәжбүр болған пәтерден шығаратыны туралы хабарлаған. Осы факт бойынша іс жүргізіліп жатыр, бірақ осыған қарамастан, әйел адамға тергеу кезінде қысым жасалып, бүгінгі таңда кәмелетке толмаған ұлымен кәмелетке толмаған баланың және жәбірленушінің құқығын бұза отырып, үйден шығаруға дайындалып жатыр», — деді Дина Тансари.

Сонымен қатар, ол Ираида үйден көшпейтінін мәлімдегенінін атап өтті. Ал Оралдық полиция оның үстінен 16 қылмыстық іс қозғаған.

Аталған жағдайға БҚО полиция департаменті түсініктеме берді. Олардың мәліметінше, күдіктіге қатысты алты қылмыстық іс қозғалған.  Ерлан Исламғалиев әйелін бопсалау, қорқыту, азаптау, зорлау және кепілге алды деген күдікке ілінген.

Сонымен қатар, ведомство тергеу барысында Ерлан Исламғалиевтің әйелін жасаған құқыққа қарсы әрекеттеріне байланысты айыптай бастағанын растады.

«БҚО ІІД Тергеу басқармасы Исламғалиева тарапынан нотариустық қызметті жүзеге асыру барысында заңсыз сыйақы алу, өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу және алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілді. Екі іс бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істерді қысқарту туралы шешім қабылданды. Қазір өндірісте екі іс бар: ҚК 105 — бабының 1-бөлігі («Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу») және ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі («Алаяқтық»)», — деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Полиция сотқа дейінгі тергеу әлі аяқталмағанын атап өтті.

«Жәбірленуші Исламғалиеваға қатысты ешқандай қысым көрсетілмейді. Жәбірленушіні пәтерден шығару мәселесі жоқ», — деп атап өтті БҚО ІІД.

 

 

stan.kz