«Бұрын өте нашар адам болдым»: Құралай ханым бұрын-соңды тіс жармаған сырлары туралы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

«Астана» телеарнасының «Оңай емес» бағдарламасына қатысқан Құралай Ошақбаева отбасының қалыптасуын, психологияға келуін және өмірде көрген қиындықтары туралы еш бүкпесіз айтып берді деп хабарлайды Stan.kz. 

Оның айтуынша, 2000-ншы жылдардың басында психологияға келуіне әртүрлі жағдай себеп болған, ақшаның жетпеуі, отбасылық проблемалар, іштей ізденіс, іштегі біреулер неге жақсы өмір сүреді, біреулер неге нашар өмір сүреді деген сұрақтар. Кейіпкер кейде психологияға келгенге дейінгі ауылда су тасып, от жағып отырған өмірін аңсайтынын айтты. 

«Бірақ сол 20-21 жастағы миыма жаман болып тұр ғой, қазір ештеңеге өкінбеймін. Бұрын өте нашар адам болдым, мойындаймын. Барлық жағынан, ол кезде енемнің үш-төрт келіні бар, мен өзімді күйеуге шыққанда ойлағам ғой, Мальдивыдағыдай жатамыз, біреу кофе әкеп береді деп. Тұрмысқа 19 жасымда шықтым, өте ерте деп ойлаймын, дайын болмадым. Бір шетінен қайың жұртым өздеріне ыңғайлы қылып тәрбиелеп алды. Еркелеп өскесің, күйеуге шыққанда әрі қарай еркелеп жүремін деп ойладым. Ұшқыш болар алдында 4 жыл оқытып, үлкен дайындықтан кейін бірақ отырады ғой самолетке, ал отбасы деген үлкен кеме, біз түк білмей үйлендік, тек ата — анамыздың отбасылық моделін көрдік. Біз ойлаймыз, менің отбасымда да солай болады деп. Бүкіл ер адамды өзімнің әкемдей көретінмін», — деп бөліседі Құралай Ошақбаева.

«Қиыншылықтар көп болды, жеңдім, оқыдым, іздендім, барлық адамдардың көңілін таптым деп ойлаймын. Күйеуіммен бірге тұру, мінезіміздің жарасып кетуіміз қиын болды. Тіпті бәр тәтем айтқан, мынау жігіт 2-3 әйелді асырай алатын жігітке ұқсайды ғой, — деп күледі отандық психолог. — Сол кезде 19 жастамыз. Мына жігітке 4-5 бала туып бермесең қызуқанды екен деп. Оның энергиясы бар, менің энергиям бар. Екеуміздің бір-бірімізге үйренуіміз қиын болды. Билікке таластық екеуміз де», — дейді Құралай ханым. 

«Жеңдіңіз бе?» деген сауалға «Жеңіліп барып, жеңдім» деп жауап берді Құралай Ошақтаева.

stan.kz