Home Жаңалықтар Ер адам 13 жасар қызын қылқындырып өлтіріп, үйдегі бағалы заттарды алып қашқан

Ер адам 13 жасар қызын қылқындырып өлтіріп, үйдегі бағалы заттарды алып қашқан

0
902
Сурет: https://www.ktk.kz/

Тверск облысының Нелидово қаласында 33 жастағы жергілікті тұрғын азаматтық некедегі әйелінің 13 жастағы қызын өлтіргені үшін іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Ресейдің өңірлік Тергеу комитеті басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қыз баланың денесі 6 ақпан күні анасының пәтерінен табылған. Тергеушілер ер адамның қызды шарфпен қылқындырып өлтіріп, үйіндегі бағалы заттарды ұрлап кетті.

Ер адам сол күні әйелінің ауруханада болатынын пайдаланған. Өлер алдында қыз бала анасына хабарласып, мектепке кетіп бара жатқанын, қайтып оралған соң итпен серуендеуге шығатынын айтады. Осыдан кейін қыз бала да, оның өгей әкесі де байланысқа шығуды доғарған.

Әйел адам құтқарушыларға хабарласып, олар есікті бұзып кіреді.

Соттық-медициналық, молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындалды. Мұның алдында ер адам өзінің әйелін өлтіргені және баласын өлтірмек болғаны үшін түрмеге отырып шыққан екен.