Бұршақ жауып, дауыл тұрады: Қазгидромет дабылды ескерту жариялады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Метеорологтар қатты жел соғып, жаңбыр, бұршақ жауады деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Жұма күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады – кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, батыста және солтүстікте тұман түседі, деп хабарлады Қазгидромет. Тек батыста күн ашық болады.  

Дабылды ескерту

Жұма, 6 қыркүйек күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.  

Тағы оқыңыз: Қар жауып, күн суытады – синоптиктер қыркүйек айына болжам жасады 

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында жұма күні күшті жел соғады, екпіні секундына 28 метрге жетеді, кей жерлерде тұман түсіп, дауыл тұрады.  

Ақмола, Қостанай, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Ақмола және Түркістан облыстарында бұршақ болуы мүмкін.

Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағандыда, Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Жұма күні Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжануда. Түнде ауа температурасы 7-9 градусқа дейін төмендейді, күндіз 14-16 градус жылы болады.

Синоптиктер Алматыда да жаңбыр жауады деп болжайды. Түнде 12-14 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде ауа температурасы 10-12 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады.



sputniknews.kz