Бүркіт әлі күнге дейін өзіне жас қыздардың қырындайтынын жайып салды

0

Бүгінде үш баланың әкесі Бүркіт өзіне әлі күнге дейін жас қыздардың қырындайтынын айтты деп жазады.

Әнші сұқбат барысында өзінің көпшілікке беймәлім құпияларымен де бөліскен.

Өнер жолын 1996 жылы бастаған Бүркіт алғашқы жылдары өнері арқылы ақша табудың қиынға түскенін айтады.

«Өнер жолына келген алғашқы үш жылым қиын болған шығар. Қолда қаражат жоқ. Аптасына 2-3 рет парктерде ән саламыз. 200 доллар тапсақ, оны продюсеріміз екеуміз теңдей бөліп алып отырдық. Бірақ мен өзіме сендім. Республика сарайында ән салғанымда, көпшілікке менің өнерім ұнайтынын сездім», — дейді Бүркіт.

Сондай-ақ Instagram парақшасында екі млн-ға жуық оқырманы бар әнші жарнамадан қанша ақша табатынын да жасырмай айтып берді.

«Мен өзімнің администраторыма тапсырма бергенмін. Бір жарнаманың ақысы 500 мың теңге», — деді әнші.

Биылғы жылы үшінші рет әке атанған Бүркітке әлі күнге дейін жас қыздар қырындайтын болып шықты.

Тілшінің «Қыздар қырындайды ма?» деген сұрағына әнші: «Иә, әрине. Ондайлар бар», — деп күліп жауап берген.