Бурабайдың Жеңісі

0

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсаны күні «Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалына Ж.Ж. Каймрденовтен Сандықтау аудандық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Л.Ловягинаның 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың атына жағымсыз пікірлер айтқандығы туралы жазбаша арыз келіп түсті.

19 желтоқсан күні облыстық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы қызметтік тексеру жүргізу үшін Сандықтау ауданына барды.

– 22 желтоқсан күні партия филиалының Саяси кеңесінің бюросында қызметтік тексеру нәтижелері шығып, Л.А. Ловягина атқарып отырған қызметінен босатылды, – деп жазыпты «Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалы.

Кешегі жазған жанайқаймыз жоғарғы тарапқа жетті. Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы «Аманат» партиясының филиал басшысы Л.А. Ловягина қызметінен кетіп, кешірім сұрады.

Қазақ ешқашан лаңкес болмаған. Біздің өз еліміз, Президентіміз, Заңымыз Тәуелсіз мемлекетіміз бар. Оны қорғаймыз да, қолдаймыз да!!!

Жеңіс ОСПАНОВ

Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді.