Бурабай ауданында суға батып бара жатқан үш қыз құтқарылды
Кеше Бурабай ауданындағы Үлкен Шабақты көлінде қайғылы жағдай бола жаздады. Көл жағасында демалып жүрген 3 бойжеткен суға түспекші болып жағадан алыстап кетіп, бата бастаған. Абырой болғанда, оларды өзге демалушылар құтқарып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылардың сөзінш, екі қызды бірден құтқаруға мүмкіндік болған. Ал 2008 жылы туған үшінші қыз бірнеше минут суда болғандықтан, жағаға шығарған кезде ес-түссіз жатқан. Демалушылардың бірі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қызды бір жақ қырына бұрып жатқызған. Құтқарушылар медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, оны зембілде жедел жәрдем көлігіне жеткізеді. Қазіргі уақытта зардап шекке қыз «өкпе ісінуі» диагнозымен жансақтау бөлімінде жатыр. Осы ретте Ақмола облысының ТЖД судағы қарапайым ережелерді сақтау қажет екенін ескертеді.