«Буллинг». Алматыдағы мектептердің бірінде оқушылар мұғалімнің көзінше порно көрген

0

Құқық қорғаушы Дина Смаилова Facebook желісіндегі парақшасында Алматыдағы жекеменшік мектептердің біріндегі буллинг туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұл сұмдық жағдай, бұл мектепте тәртіп, оқушылардың және мұғалімдердің жеке құқығы мен шекарасын сыйламайтындары көрініп тұр», — деп жазды «Немолчиkz» қорының басшысы.

Одан бөлек, балалар сабақ кезінде порно көріп отырған, ал мұғалім оларды байқамаған сыңай танытуына тура келген.

Видеоны жіберген әйелдің сөзінше, бірнеше оқушы, оның ішінде өзінің ұлы да сыныптастары тарапынан буллингке ұшыраған.

Смаилова жәбірленуші оқушы басқа мектепке ауысып кеткен, бірақ әлі күнге дейін психологпен жұмыс істеп жатқанын айтты.

Видео 2022 жылдың қаңтарында 10-сынып оқушыларының кабинетінде түсірілгені анықталды. Бірақ видео енді тарағандықтан ел назарына іліккен.

Бұл дерек бойынша Алмалы ауданының прокуратурасы Алматы қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне ұсыныс енгізді. Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша департамент әкімшілік іс жүргізуді қозғады.

26 қаңтарда лицей басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.