«Бұларың не!?» Өскемен тұрғыны полицейлердің тәтті ұйқысын бұзды – видео

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

34 0 0

Қала тұрғыны көше бойында жол патрульдік полиция қызметкерлерінің ұйықтап отырғанын көріп қалған

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Өскеменде жол патрульдік полиция қызметкерлері қаланың қақ ортасында қызметтік көліктерінде ұйықтаған. Ал енді бір полицейлер тротуарға көліктерін қойып, жаяуларға кедергі келтірген. 

Заң алдында бәріміз бірдейміз. Осы ұстаныммен жүретін өскемендік Руслан Тілепов жоғарыда айтылған жағдайларды ұялы телефонының бейнекамерасына түсіріп алған.

«Таңғы 6:46 шамасында Мызы көшесінің бойында жол патрульдік полиция қызметкерлерінің ұйықтап отырғанын көріп қалдым. Бұл бірінші рет емес. Осыған дейін де ұйықтап жатқандарын түсірген едім. Бар ойым полицейлер өз қызметтеріне лайықты болса екен», – дейді Руслан Тілепов.

«Ол тәртіп сақшыларына ақыл айта жүріп түсірген видеосын altaynews.kz редакциясына жіберіпті. 

Русланның көздегені – полицейлерді кемсіту емес, керісінше сын айтып, міндерін түзеу.

  Дәл осы күні Өскеммендегі Сәтпаев даңғылы 14/2 үйдің жанында Русланның бейнекамерасына полицейлердің тағы бір тәртіпсіздігі ілінеді. Ол тротуардың дәл үстінде тұрған полиция көлігі еді.

«Екі жағдай бойынша да құқық қорғау қызметкерлеріне арыздандым. Тиісті шара қолданылатын шығар», – дейді Руслан.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/