«Бұлай ешқашан қорықпағанмын»: Ернін ұлғайтқысы келген әйел жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

0
1086

Қорқынышты аллергиялық реакция Ұлыбритания тұрғынының өмірін қия жаздады. Әйел ернін ұлғайтқысы келіп, инъекция салғызған. Алайда бұдан соң оның беті ісіп, косметологтың әрекеті жағдайын нашарлатып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Daily Mail-дың жазуынша, Кори Перри өмірдегі қиын кезеңнен кейін көңіл күйді көтеру үшін косметикалық процедураға жүгінуді шешкенін айтады. Ерін ұлғайту үшін ол 380 фунт стерлинг төлеген.

Ол тіпті теріс реакциялар болатыны туралы маманның ескерткенін айтады. Бірақ, косметологтың айтуынша, мұндай жағдайларда асқынулар өте сирек кездеседі.

Ботокс инъекциясынан кейін Керри Паридың бетіндегі қан тамырларының бірі бітеліп қалған.Әрі қарай, косметолог мәселені шешу үшін гиалуронидаза инъекциясын ботокстың еріткіші ретінде пайдаланған. Бірақ ол аллергиялық реакция тудырып жіберген.

Әйелдің айтуынша, оның ерні мен беті ісініп, үш есе ұлғайған. Бұдан кейін шұғыл көмек шақыруға тура келген.

«Бұл менің өмірімдегі ең қорқынышты күн болды. Бұлай ешқашан қорықпағанмын», — деп мойындады ол.

Дәрігерлер оған британдық антигистаминдер енгізіп, оттегі маскасын кигізіп, реанимацияға жеткізген.

Бұған дейін, әйел 20 жастан асқан кезде ернін үлкейтуге барғанын айтты. Ол кезде барлығы сәтті өтіп, нәтижесі ұнапты.

Оның айтуынша, ағзаның препараттарға қалай әсер ететінін болжау мүмкін емес.