«Бұлай боларын алдын ала білдім»: Ринат Зайытов өзіне жасалған шабуыл туралы айтты

0

Ринат Зайытов желіні шулатқан сұхбатына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ыбырай Алтынсарин шоқынған!» деп сұхбат берген мәжіліс депутаты соңғы күндері өзіне ақпараттық шабуыл жасалып жатқанын айтты.

“»Жұрттың Ыбырайы — Ыбырай, біздің Ыбырай — сұмырай» деп айтылған сөзді білесіз гой. Бұл біздің Ыбырайға қатысты айтылған. Қанша тарихшылар, қанша әдебиетшілер айтса да, мен ақын ретінде айтайын, Ыбырай Алтынсаринның ряса киген суреті бар. Соны халық біле ме? Білмейді. «Бір Құдайға шоқынып, кел балалар оқылық» дейді. Кейін біз ғой, өзгертіп алған, «Бір Аллаға сыйынып» деп”, – дейді Ринат Зайытов.

Әлеуметтік желіде дау тудырған сұхбатта Зайытов ағартушы Алтынсариннің шоқынғанын айтқан. Христиан поптарына тән киім киіп, тіпті «Бір Құдайға шоқынып» деген өлең жолдарын, қазақтар кейін «бір Аллаға сыйынып» деп өзгертіп алғанын айтады. Артынша сұхбаттың толық нұсқасы жарық көріп, әлеуметтік желідегі сұхбаттың бөлігі монтаждалғаны анықталды. Толық нұсқасында «мектеп ашу үшін Ыбырай Алтынсарин шоқынған болып көрініп, патша үкіметін алдады» дейді депутат. Зайытов кесілген бейнероликтің өзін таңқалдырмағанын айтты.

“Ондай сөз жоқ, оның ішінде. Ол мектеп ашуға мәжбүр болып, осындай әрекеттерге барды деген бар. Егер сіз сұхбатты толық көрсеңіз. Бұл, қателеспесем, ақпан айында болған. Бұл шабуылдың болатынын мен алдын ала білдім. 15-17 қарашаның арасы деп отыр маған жеткен ақпарат бойынша. Айтып алсын, барлығын. Содан кейін өзім жауабын беремін толық”, – дейді депутат.