«Бұл қашан аяқталады?»: ақтаулықтар неге шағымданды

0

Ақтау тұрғындары төтенше жағдай кезінде қолдану керек шаралар туралы дауысзорайтқыш арқылы хабар таратуға шағымданып отыр 

АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Ақтаулықтар дауысзорайтқыш арқылы халықты хабардар етуге байланысты шағымданды, деп жазады Ақтау-Лада аймақтық порталы.

Ақтау қаласы тұрғындарының басым бөлігі дауысзорайтқыш арқылы күнделікті хабар таратуды психология шабуылға теңеді.

«Таңғы 10:00-ден 11:30-ға дейін және 13:00-ден 15:00-ге дейін аса жоғары дауыспен хабар таратады. Бұл қорқынышты жағдай қашан аяқталады? Қазір барлығы қандай шара қолдану керек екенін біледі. Бұл — психологиялық шабуыл», — деп мәлімдеді Елена есімді жергілікті тұрғын басылымға берген сұхбатында.

Алайда әкімдіктегілер карантин аяқталғаншатұрғындарды осылай хабардар ету тоқтатылмайтынын айтты. Себебі бұл бас санитар дәрігердің қаулысы.



sputniknews.kz