«Бұл – қайғылы оқиға»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оқиғаға қатысты пікір білдірді
Күні кеше екінші әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы kznews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Назым бірнеше жыл бұрын Қуандық Бишімбаевпен ресми түрде ажырасқанын растады. Оның айтуынша, оқиғаға байланысты оған көптеген қоңыраулар түскен.
«Иә, бұл қорқынышты, түс сияқты. Қоңыраулар түскенде, не болып жатқанын мүлде түсінбедім… Есеңгіреп қалдым», – деді Назым.
Назымның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевпен ресми некеде 14 жыл тұрған. Ерлі-зайыптылар 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққаннан кейін бір жылдан соң ажырасқан. Олардың үш баласы бар.
«Біз 2020 жылдың 5 қазанынан бастап ресми түрде ажырасқанбыз, бірге өмір сүрген жоқпыз. Біз балаларымызға қатысты тақырыппен сирек араласатынбыз. Балаларға көмектесіп тұрды, бірақ соңғы жылдары өте сирек араластық. Бұл – қайғылы оқиға. Салтанаттың отбасына көңіл айтамын», – деді Назым.
фото: ғаламтордан