«Бұл өте ауыр сырқат»: белгілі актердің диагнозы жарияланды

0
3

Адвокаттың айтуынша, дәрігерлер бірнеше күн бұрын Ефремовке қан айналымының күрт бұзылуы диагнозын қойды

Ресейлік актер Михаил Ефремовтың адвокаты Эльман Пашаев актерге қойылған диагнозды жариялады.

Дәрігерлер Ефремовке «өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» диагнозын қойды, деп хабарлайды РИА Новости.

«Оның сөйлеу тілі бұзылған, аяқ-қолдарының да сырқаты бар. Сотқа келген жедел жәрдем дәрігері Ефремовте қан айналымының күрт бұзылғанын анықтады. Кейін ауруханада бұл диагноз расталды. Оған өкпенің созылмалы обструктивті ауруы диагнозы қойылды, бұл өте ауыр сырқат», – деді адвокат Ефремовтың үй қамағы мерзімін ұзарту туралы шағымды қарау кезінде.

Айта кетейік, 11 тамызда Михаил Ефремовтың жазатайым оқиғаға қатысты істі қарау кезінде ол сот залынан ауруханаға жеткізілген болатын.

Содан кейін дәрігерлер актердың инсульт алғанын айтты.

Ефремовтың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы

Белгілі актер Михаил Ефремов 8 маусымда Мәскеу орталығында қайғылы оқиғаға себеп болды. Ол өз көлігімен жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, өзге көлікпен соғылуы салдарынан оның жүргізушісі бірнеше сағаттан кейін көз жұмған.

Сараптама қорытындысы апат болған кезде әртіс мас болғанын және оның қанында есірткі құрамы бар екенін көрсеткен. Бастапқыда Ефремов өз кінәсін толық мойындап, бірақ кейіннен бұл пікірін өзгерткен.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз