«Бұл мазақ қой» — Қарағандыда мүгедектер күніне арналған концерт жанжалға ұласты (видео)

0

Қарағандыда мүгедектер күніне орай жергілікті мәдени орталықта мүгедектігі бар адамдарға арналған концерт ұйымдастырылды, бірақ ұйымдастырушылар ғимараттың техникалық мүмкіндіктерін ескермеген. Бұл туралы Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мүгедектер күніне орай Қарағандыда өткен концерттен түсірілген видео vk_gazeta Instagram парақшасында жарияланған болатын. Автор мен желі қолданушылары шараның екінші қабатта ұйымдастырылғанына, сондай-ақ арбаға таңылған қонақтардың ол жаққа көтерілу мүмкіндігі қарастырылмағанына наразы болған. Видеода Мәдениет үйіндегі қонақтардың бірін баспалдақтан мүгедектер арбасымен қалай түсіруге тырысып жатқанын көруге болады. «Бұл мазақ қой, ұйымдастырушылардың өзін осылай отырғызып, түсіріп көрсін», «Ұят», — деп ашуланды желідегілер. Оқиғаға қатысты Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінде пікір білдірді.

Мәдениет үйінде мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған іс-шара кезінде келеңсіз жағдай болып, қатысушылардың біріне қолайсыздық тудырған, бұл үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Болашақта ұйымдастырушылар мұндай жағдайлардың алдын алу шараларын қабылдайды», — делінген әкімдік хабарламасында

Әкімдік мәліметінше, екінші қабатқа өз бетінше көтеріле алмаған адамдарға көмек көрсетілген. Ведомствоның хабарлауынша, 60-жылдары салынған Мәдениет үйі ғимаратының құрылымына байланысты екінші қабатқа пандус орнатуға мүмкіндік жоқ. 

фото: gov.kz