Бұл кінәлілердің ізін жасыруды көздеген биліктің бір айласы

0

Жоғары жақта Қанды Қаңтардың құрбандарын еске алатын мемориал орнатуды шешіпті дейді.
Неғылған асығыстық?

Тергеу аяқталған жоқ. Дұрысы түзу, нақты тергеу əлі басталған да жоқ деуіміз керек. Қыршын кеткен құрбандардың саны қанша, аты-жөндері кім, бұл белгісіз. Жүздеген адам ұшты-күйлі жоқ, хабарсыз кеткен. Адам атқандар кімдер, қайдан, неге келгендер? Он мыңдай адам ұсталып, полиция ішінде аяусыз соққыға жығылды. Өршеленген репрессия жүріп жатыр. Оның көлемі мен өшпенділігін азаматтық соғыспен салыстыруға болады. Осындай бола тұрып, қайдағы мемориал десейші?
Биліктің өткен оқиғаларды түсіндіретін өз версиясы, ресми мəлімдемесі бар. Мемориал салып, Тоқаев соны таспен бекітіп қойғысы келеді. Екінші жағынан болған істің артын жуып-шайғысы келіп отыр. Қасыреттің ащы жарасын ұмыттыруды, кінəлілердің ізін жасыруды көздеген биліктің тағы бір айласы. Оқ тескен шұрқ-шұрқ қабырғаларды штукатурка жасап қойып, ұмытуға болады. Төгілген қанды кім ұмытады? Бүлдіріп-бүлдіріп болып, істеп жатқан бишара тірліктері осындай.

Авторы Ақан Жақып