Бұл Денис екеуміздің арманымыз еді (видео)
Ағылшындардың бізге деген өкпесі қара қазандай. Өйткені, Лондонда өтетін Димаштың концертіне билет таппай дал. Бұл туралы қазақтың мақтанышына айналған Димаш Құдайбергенді қабылдаған Мәдениет және спорт министрі айтты. Лондонға біздің Димашты тыңдауға әлемнің 40 мемлекетінен көрермен келеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan Ұлттық арнасының дерегін негізге алып.
Димаш Құдайберген 19 қараша күні Лондонда өтетін концертке тас-түйін дайын. Сыналатын тұсы да осы. Өйткені, ән кешіне әлемнің 40 елінен көрермен келеді. Шырқалатын шығармалардың 60 пайызы қазақ тілінде орындалады.
«Кіндік қаным тамған жерде қазақтың ұлы тұлғалары тың дүниелерді жарыққа шығарды, ал, біз, әншілер мүмкіндігінше ол туындыларды насихаттауымыз керек. Менің де мақсатым сол. Сондықтан, қазақтың халық әндері көптеп шырқалатынына күмән келтірмеңіз. Жаңа әндер де бар. Оның құпиясын сіздерге толық ашқым келмейді. Өйткені, оны концертте көрермендер бірінші тыңдаса деймін», дейді Димаш Құдайбергенов.
Бір жағы Димаш тұманды альбион еліне жан досы, Олимпиада жүлдегері Денис Теннің арманын орындау үшін бара жатыр.
«Менің келесі концертімде екеуміз Бейжіңде немесе басқа елде үлкен стадионда концерт беріп, «S.О.S» әнімен тандемде шығамыз деп армағандаған болатынбыз. Енді Лондонда ол әнді мен өзім ғана орындаймын», деді Димаш. Димаш бүгін жолға шығады.