Бұл цифрды бұған дейін жария етпеп едік

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Адамдар полицейлерге шабуыл жасап, тас лақтырған, арматурамен ұрған. Олардың алтауы түрлі жарақатпен госпитальде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстанда 9-11 маусым аралығында өткен митинг кезінде 300-ден аса полиция қызметкері дене жарақатын алды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, 9, 10, 11 маусым күндері өткен митинг кезінде зардап шеккен полицейлердің алтауы ауруханада ем қабылдауда. Бірінің жіліншігі сынған, енді бірі бас сүйек-ми жарақатын алған.

«Үш жүзден астам полиция қызметкері дене жарақатын алды. Олардың алтауы қазір госпитальде жатыр. Бұл цифрды біз бұған дейін жария етпеп едік, алғаш рет айтып тұрмын», — деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Ол тәртіп сақшылары наразылық шеруі кезінде көшеге шыққан адамдарға күш қолданбағанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда наразылық білдіруге рұқсат беретін арнайы заң қабылданады

«Сіздер видеодан көрдіңіздер, адамдар полицейлерге шабуыл жасап, қалқанын теуіп, ұрып-соқты. Тас лақтырған, таяқпен, арматурамен ұрған», — деді министр.



sputniknews.kz