«Бұл базар ма?» депутаттар шенеунікті киіміне бола залдан қуып шықты – видео

0
Азияда

Қысқа сілтеме алу

226 0 0

Қырғызстанда депутат мемлекеттік қызметкерді футболка кигені үшін сынға алды, ал ол жемпір екенін айтып ақталды

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Жогорку Кенеш вице-спикері Мирлан Бәкіров Бастауыш кәсіптік білім беру агенттігінің қызметкері Талантбек Тынысовты отырыстан қуып шықты. 

Оған себеп – шенеунік дресс-кодты бұзған: ол кастюмнің ішінен жейде емес, жемпір киіп келген, деп жазды  

Депутат Алмаз Тоқтаров аталған агенттіктің өкілі кім екенін сұрады. Тынысов орнына тұрып, қаржыландыру және бухгалтерлік есепке алу бөлімін басқаратынын айтты. Парламентарий неліктен футболкамен келгенін сұрады. Мемлекеттік қызметкер футболка емес, жемпір екенін және сырқаттанып қалған басшысының орнына келуге мәжбүр болғанын айтты. Біраз уақыттан кейін вице-спикер Бәкіров Тынысовтан орнынан тұруын өтінді.

«Жогорку Кенеште қандай киім киюге болатыны жазылған регламент бар. Бұл қалай болғаны? Жогорку Кенештің аппараты неге қарамайсыздар? Үкіметтің аппараты, үкіметтің өкілі… немене бұл жер базар ма?» — деп шағымданды депутат.  

Ол Тынысов шақырылған шенеуніктердің тізімінде жоқ екенін айта келе, «сіз кете берсеңіз болады» деді. Шенеунік қарсы келген жоқ.    


Дереккөз: https://sputniknews.kz/