Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек (видео)

0

Әлеуметтік желіде Қайрат  Нұртас пен Ерке Есмаханның су жаңа бейнебаяндары жарық көрді. Әннің аты «Aeroport». Бұл осыдан 5 жыл бұрын түсірілген Ерке Есмаханның орындауындағы «Аэропорт» әнінің өңделген нұсқасы. Бүгін де ол 4,6 миллион қаралым жиналған.

«Еркенің өзі орындаса, бұл ән өте нәзік естіледі. Ал дуэтпен айтқан тіпті ерекше, бір үйлесімділік бар» , «Еркенің дауысы Қайратқа қарағанда жарқын әрі тұнық шығып тұр», «Қайраттың дауысының өзі клип секілді, ән әдемі болып шыға келеді» — деген көрермен тарапынан оң пікірлер қалыптасқан.

(Фото: kair_n инстаграмм-парақшасынан алынды)