“Бүкіл Қазақстанға әйгілі адаммын” — Шахизада “жыртық көйлекке” қатысты пікір білдірді

0

Тележүргізуші Жазира Бегалы балаларының өзіне сыйлық жасау үшін әнші Шаһизаданың дүкенінен көйлек алғанын, алайда оның «жыртық» боп шыққанын айтты. Әнші Шаһизада көйлек дауына қатысты пікір білдірді, деп жазады Kznews.kz Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Арада біраз уақыт өткенде әнші Шаһизада дүкенінде сатылған көйлек дауына қатысты пікір білдірді. Әншінің пікірін aiym_kenzhalieva Instagram-дағы парақшасында жарияланды. «Киімдердің бәрі өте сапалы, өзім киіп жүрген киімдер. Жақсы киім екенін айта аламын. Мына көйлек туралы «жыртық» деген айқай-шу боп жатыр екен. Күніне неше әйел киіп көреді. Толық та, арық та адамдар киеді. «Сізге тар болады» десең де, қарамай киіп көреді. Жазира ханымды жақсы танымайды екенмін. Мына 50 мың теңгенің көйлегін, 20 мың теңгеге алыпты. Бізде жеңілдікте тұрған, бір түйір қалған көйлектер. «Жыртық» деп, әлеуметтік желіге салыпты. Бұл ешқандай жыртық емес. Мына жері кішкентай сөгілген болар. Қараңыздар, әп-әдемі. 20 мың теңгеге не үшін түсіп тұр? 2-3 мың теңгеге жөндете салуға болады. Бұл киілмеген әдемі көйлек. Мен жыртық көйлек сататын ақымақ адам емес шығармын. Бүкіл Қазақстанға әйгілі адаммын ғой. Жыртық деген сөзге намыстандым. Жыртық ештеңесі жоқ. Кез келген киім сөгіледі. Өйткені, ол — шүберек. Бұл әдемі көйлек. Тек толықтау әйел кигенде, арты кішкене сөгілген. Соны жыртық деп әлемге жайып жіберген бе? Түсінем, контент керек. Біреулердің арқасында нан тауып, әлеуметтік желісін байытатын, пікір жинайтын сондай парақшаға түсіп қалған екенбіз. Кешірім сұраймыз. Мен кешірім сұрадым, сонда да ренжіп қалған көрінеді», – деді видеода Шаһизада.

фото: ognialatau.kz