«Бүкіл Қазақстанда доллар болмағаны ма?»: Ақтөбелік кәсіпкер банктен ақшасын ала алмай жүр

0
52
Ақтөбелік бизнесмен Еркін Ахметов банктен 9 наурыздан бері долларлық депозитін ала алмай жүр. Тиісінше, ер адамның іскерлік келісімдері кейінге қалып жатыр, деп хабарлайдыы Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақтөбе Таймс» газетіне сілтеме жасап.

«Демалыс күндеріне дейін банкте: “Доллар жоқ, күте тұрыңыз”, деді. Жексенбіде тағы келдім. Өтінішті дүйсенбі күні жазуым керек екенін айтты. Бұл қалай? Мен ақшаны банкке сақтауға қойдым, және менің бірінші талабым бойынша оны беру керек. Бұрын мұндай проблемалар болған емес. Мен әдетте еліп, долларлық депозитімнен ақша ала алатынмын, бұл ең көп дегенде бір-екі сағат уақытымды алатын. Ақшаны бірден беретін. Біз олардан доллар әкеліп, оны бізге беруін талап етеміз! Бүкіл Қазақстанда доллар болмағаны ма?! Бұл бірінші күн емес, бұған дейінгі жұмыс күндері де доллар жоқ деп жауап берді. Банкте долларлар Ресейден келеді деп айтады. Бұл қалай? Сома үлкен емес, үшеумізге 25 мың доллар», — деді ол.

Ашуланған кәсіпкер полиция мен журналистерді шақырып, банкке банктің күзет қызметінің басшысы келді. Ол клиентті сабырға шақырып, дүйсенбі күні банкке жүгінуін сұрап, сейсенбі немесе сәрсенбі күні доллар мәселесін шешуге уәде берді.

«Мен дүйсенбіде банкке бардым, өтініш бердім, — деді кәсіпкер 14 наурыз күні түстен кейін. — Банк менің депозитімді тек 24 наурызда ғана беруге келісті. Мұндай жағдайда Қазақстанда бизнес жүргізу өте қиын – бұл үлкен проблема».

Басылымның тілшісі түсініктеме алу үшін банк бөлімшесіне хабарласқан. Мұнда өзге де  кәсіпкерлен мен клиенттер долларлық депозитін ала алмай жүр. Банк тілшіге Ұлттық банктің ақпараттық хабарламасын ұсынды.

«Айырбастау пункттері мен екінші деңгейдегі банктерде қолма-қол ақшаларды сатуға немесе беруге қойылатын шектеулерге қатысты өтініштердің өсуіне байланысты Ұлттық банк Қазақстан Республикасында шетел валютасындағы операциялармен шектеулер туралы қаулыларды немесе өзге де заңға тәуелді актілерді қабылдамағанын хабарлаймыз.

Қолма-қол шетел валютасын беруде туындаған қиындықтар, бірінші кезекте, халық тарапынан сұраныстың артуымен, сондай-ақ шиеленіскен геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық қиындықтармен байланысты.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық банк Федералды резервтік жүйеден – АҚШ Орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін белсенді түрде пысықтауда», — делінген ҰБ хабарламасында