«Бүкіл проблема шешіледі». Жириновский тағы да Қазақстанды Ресейге қосуды ұсынды

0

РФ мемлекеттік Дума депутаты Владимир Жириновский «Говорит Москва» радиостанциясының эфирінде Орталық Азия мемлекеттері мен басқа да ТМД мемлекеттерін Ресей құрамына губерния ретінде қосу керек деді.

Саясаткер «ТМД елдерінен де мықты бірнәрсе құруды ұсынды»: посткеңестік мемлекеттерден конфедерация құру.

«Толық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, экономиканы жақсартудың ең жақсы жолы – бұрынғы кеңес одағының 14 мемлекетіне Ресейдің құрамына губерния ретінде кіру: Душанбе губерниясы, Бішкек, Ереван, Киев және әрі қарай, деді ол «Говорит Москва» радиостанциясында.

Қазақстандық және ресейлік БАҚ саясаткердің бұл сөзіне аса назар аудармады. Ал Қырғызстанда бір ғана басылым жазды.

Ол бұл ұсынысты осы уақытқа дейін де айтып, жұрттың ашуын келтірген болатын.