Бүгіннен бастап қандай кәсіпорындардың жұмысы жанданады

0

Барлық өңірлерде шаштараздар мен медициналық орталықтар ашылады. Алайда келушілер кезекте тұрмай, алдын ала жазылуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Қазақстанда 4 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіле бастады. Қалалар мен облыстарда бірқатар кәсіпорындардың жұмысы жанданады. Өңірлерде кейбір әуежайлар ашылады. Көшеде спортпен шұғылдануға рұқсат берілді.

Сонымен, аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік cатпайтын дүкендер сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер де ашылады.

Шаштараз және медицина орталықтары, стоматологиялық клиникалар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді.

Жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар мен шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компанияларының жұмысы жанданады.



sputniknews.kz