Бүгін Жерге аса қауіпті астероид жақындайды

0

Бас сүйек пішіндес ірі астероид Жерге 38 миллион шақырым қашықтықта өтеді

АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Астрономдар адамның бас сүйегіне ұқсайтындықтан «Өлім кометасы» деп атаған ірі астероид  бүгін жерге барынша жақындайды.

Ғалымдардың пікірінше, бұл жолы астероид жер тұрғындарына қауіп төндірмей, жанынан өтіп кетеді. Алайда қайта оралған кезде қауіпті болуы мүмкін, деп жазды Space.com.

NASA 2015TB145 астероидын өлі құйрықты жұлдыздың бірі деп есептейді.

Ғалымдар бұл аспан денесін үш жыл бұрын ашты, 2015 жылы Жерден жарты миллион шақырым қашықтықта ұшып өтіп, мамандардың көзіне түскен болатын. Сол кезде астрофизиктер бірнеше рет фотосуретке түсіріп үлгерді.

«Өлім кометасы» келесі жолы Жерге 2082 жылдан кейін жақындайды.