Бүгін жалпыұлттық аза тұту күні

0

Бүгін қазақстандықтар жаппай тәртісіздік кезінде қаза тапқандарды аза тұтады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты биылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау жөнінде шешім қабылдады.

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тауып, Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шекті.

Қазақстан бойынша тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 2 265 адам медициналық көмекке жүгінген. 83 адам ауруханада ауыр халде жатыр.