Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

0
109
Саясат

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Отырыста өткен жылдың нәтижелері қарастырылып, биылғы жылға тапсырмалар беріледі

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысын ашады.

Үкімет үйінде өтетін отырысқа парламент сенаты мен мәжілісінің спикерлері, мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігінің басшысы, үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент және облыстар әкімдері, мемлекет басшысына тікелей есеп беретін орталық мемлекеттік органдар басшылары қатысады.

Өз баяндамасында Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының былтырғы жылғы нәтижелерін атап өтіп, 2019 жылға маңызды тапсырмалар береді.

Кеше Ақордада президент облыс және қала әкімдерін қабылдап, баяндамаларын тыңдады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/