Бүгін үйіңе кірді, енді жұмысыңды тартып алады, кейін жеріңді алады — Дәулеттен

0
174

Белгілі экономит, журналист Даулет Мүқаевтың әлеуметтік желіде жарияған жазбасы көпшілікті ойландырып қойды деп хабарлайды Kznew.kz тілшісі.

«Қара бұлтты басқа үйіріп не болды, ештеңе болмайды деп орыстардың бір жеріне кіріп жатқандарға айтарым  — бүгін үйіңе кірді, енді жұмысыңды тартып алады… Кейін жеріңді алады.

Наурыз айында енді орыстар қаптаса, жалдамалы пәтер бағасы қымбаттайды деп тұрып пост салғанда қаншама адам мені комментпен «жеді». Қазақтар бәсекеге қабілетті болайық, әйтпесе жұмыссыз қаламыз деп оны да жазғанмын. Қазір қыркүйек айы. Не болды? Пәтер бағалары шарықтап, қаншама қазақ шыр-пыр болуда. Ақшасы жоқтар пәтерді босатып әлек.

Орыстар менің ата жауым емес. Елге келді ме, ҚАЗАҚ жерінде жүр ме, бізді сыйлау керек. Түсіндіргім келетіні осы. Артық тайраңдамасын. Қазақша үйреніп, қазақтарды құрмет  етсін. Шынымды айтсам, бір орыстың «казахи бараны» дегені әлі  есімнен кетпейді. Олар әлі күнге  бізді басынғысы келеді» — деп жазды блогер.