«Бүгін суға түсуге арнайы келдім»: Шоқыну суына шомылған қазақ азаматы мейрамды атап өтетінін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

«Крещения Господня» мейрамында мұсылмандарға суға түсуге бола ма? 18-19 қаңтар өткен шоқыну мейрамында тек христиан дінін ұстанушылар ғана емес, сонымен қатар қазақ азаматтары да суға шомылды. Мұны кейбір мұсылмандар дұрыс көрмесе, енді бірі «суға шомылу басқа дінге шоқынуды білдірмейді» деуде. Алайда, кей имамдар мұсылман адамдардың мұндай іс-шараларға қатыспағаны дұрыс екенін айтады. «Крещения Господня» мейрамынан фоторепортаж жасаған Stan.kz тілшісі шоқыну суына түскен қазақ азаматтарымен тілдесіп қайтқан еді.

су қазақ
«Негізі мен мерекеден бөлек жаттығу залынан кейін суға осылай жиі түсіп тұрамын. Бірақ көбіне таудың суына шомылғанды ұнатамын. Кейде достарыммен барып қайтамыз. Бүгін мерекеге орай бірінші рет түсіп тұрмын.  Жалпы күнделікті болмаса да үйде шелектегі суды үстіме құямын. Мұндай жерлерге көп келе бермеймін. Бүгін бірінші рет байқап көргім келді. Маған қатты ұнады», – дейді ол. 

қазақ

Ержан спортпен шұғылданатын болған соң да жиі осылай суға шомылып тұратынын айтады. Сонымен қатар, бүгінгі мерекеде арнайы келген. Ол ешқандай дінді ұстанбаймын дейді. 

су қазақ

Біз Қазақстанда, көпұлтты мемлекетте тұрамыз. Сондықтан бір-біріміздің мерекемізге құрметпен қарай білгеніміз жөн. Мереке болған соң да бүгін осы жаққа арнайы келдім. Өзім жеңіл атлетикамен айналысамын. Дінге оң көзбен қараймын. Бірақ ешқандай дін ұстанбаймын. Былай айтқанда атеистпін деуге де болатын шығар. Біздің отбасымызда әр ұлттың мерекесіне құрметпен қарайды. Біз солай тәрбиелендік. Мысалы, әпкем орыс ұлтының азаматына тұрмысқа шыққан. Достарым да әр ұлтттың өкілдері», – дейді Ержан Жанарсыланов. 

Жалғыз Ержан ғана емес, ол жерде бірталай қазақ азаматтары шоқыну суына түсіп жатты. 

Евгений әкей

Православие дін өкілі Евгений әкей шоқыну суына шомылудың ешқандай әбестігі жоқ дейді. Өйткені бұл діни рәсім емес, тек дәстүр екенін айтады.

«Крещения Господня» мейрамы бұл – діни рәсім емес. Ол әшейін ғана дәстүр, дінге ешқандай қатысы жоқ. Сол себептен де бұл күні православие дінін ұстанатын да, ұстанбайтындар да суға шомыла алады. Өйткені бұл күндері су ерекше таза болады. «Крещения Господня» мейрамында кейбір адамдар денсаулығы үшін, өздерін жақсы сезіну мақсатында суға шомылады. Олар барлық жаман нәрселер сумен ағып кетеді деген сеніммен келеді. Барлық нәрсе адамның ішкі сеніміне байланысты.

крещение

Бұдан бөлек пасха мейрамы да бар. Бұл да дәстүр. Мәселен, ол күні жұмыртқа неше түрлі түске боялады, неше түрлі бәліштер пісіріледі. Наурыз мейрамында да көже пісіріледі. Осы мейрамда басқа діннің мерекесі деп боялған жұмыртқа жемей немесе наурыз көже ішпей қоймауға болмайды ғой. Міне, сол сияқты жаңағы суға шомылу да ежелгі дәстүр. Бірақ осы күні православие дінін ұстанушылар шіркеуге келіп Құдайына сыйынып, тілек айтуы қажет. Ал қалған басқа дін өкілдері немесе ешқандай дінге кірмейтін жандар таза суға түсіп, денелерін жаман нәрселерден тазартуына болады. Мұнда тұрған ешқандай әбестік жоқ», – дейді Евгений әкей.

stan.kz