Бүгін – қазақтың талантты жазушысы Ілияс Есенберлиннің туған күні
1915 жылы Ақмола облысында туған қазақ жазушысы Қазақ тау-кен институтын бітірген, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Ол Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-71 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, 1971 хылдан Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары қызметтерін атқарған. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады.
Ӏлияс Есенберлиннің алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Ол көркем әдебиеттің көп жанрында (поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия) жазды. Әдеби творчествосын поэзиядан бастады. 1945 жылы «Айша», «Сұлтан» поэмаларын жазып, 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады.
«Өзен жағасында», «Толқиды Есіл», орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» атты повестері жарық көрді. «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Қаһар», «Алтын құс», тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» романдары, «Көшпенділер» трилогиясы, «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар», «Аққу құстың қуанышы» романдары, шығармаларының он томдық жинағы жарияланды.
Жазушының шығармашылығына Нұрсұлтан Назарбаев оң бағасын беріп, «Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы — «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді» — деді.
Дереккөз: http://egemen.kz/