Бүгін қазақтың “Қыз Жібегінің” туған күні

0

Бүгін театр және кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Қаратайқызы Өтекешованың туған күні. 74 жасқа толды. Ол 1951 жылы Орал қаласында дүниеге келген және қазақ киносының аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінде Жібектің рөлін сомдаған.

Меруерт Өтекешова Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978), Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі (1982), «Жігер» фестивалінің лауреаты (1982), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің (2001), «Құрмет» (2008) және «Парасат» (2017) ордендерінің иегері. Сондай-ақ, ол «Сахнагер – 2017» ұлттық театр сыйлығын «Сахналық ғұмыр» номинациясы бойынша және ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны (2017-2018) алған.

фото: ашықдереккөз