Бүгін қазақтың «Ақбаяны» Мәдина Ералиеваның өмірден қайтқан күні — Қазақстан жаңалықтары

0

«Ән әлемінің Ақбаяны» атанған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиева осыдан 19 жыл бұрын жол апатынан ұшырап, қаперсізде көз жұмды. «Күрең күз» әнін айтып, марқұм Мәдина елімен «қоштасты». Оның қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыры бір жылдан соң, 2000 жылдың қараша айында үзілді. Әнші бүгінде тірі болғанында немерелерінің қызығын көріп, ақ жаулықты әже болып отыратын еді. Әншінің жалғыз баласы Әрсен Stan.kz ақпарат агенттігімен жеке мұрағатынан бұрын-соңды жарияланбаған анасының суреттерімен бөлісті. Өздеріңіздің назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. 

фото

Мәдина Есмалайқызы Ералиева 1954 жылы 2-тамызда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген.   

мәдина әншілермен

Күміс көмей әнші 1974 жылы Қызылорда педагогикалық училищесінің музыка бөлімін бітіріп, 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының музыка факультетін тәмамдаған. 

Одан кейінгі жылдары Әдебиет және өнер институтында жұмыс істеген. 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облысы филармониясының жетекші әншісі болды. 

ьадина ұлымен

1981 жылы Атабаев Болатпен отау құрған. 1982 жылы жалғыз ұлы Арсен дүниеге келген.

баласы мен мәдина

Талай ару қызыға әрі тамсана қарайтын бұлбұл әнші 1990 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағын алған.

мадина Ералиева

Мәдина Ералиеваның «Ақбаян», «Күрең күз», «Кірмеші жиі түсіме», «Ай-қарагөз» «Сағым жылдар» секілді әндерін халық әлі күнге дейін шырқап келеді. 

мәдина әріптестермен

Мәдина Ералиева халқымыздың ұлттық ән өнерін насихаттауға елеулі үлес қосқан әнші.

мәдина сахнада

Мәдина Ералиева ғұмырының соңғы жылдарында «Күрең күз» әнін шырқаған.

мадина ортада

2002 жылы Мәдина Ералиеваны алғаш еске алу кеші өткізілген. Алматыдағы «Таугүл-3» ықшам ауданында әншінің есімімен көше атауы берілді. Өзінің туған өлкесі Қызылорда қаласында да Мәдинаның атына берілген көше бар. 

мадина аспап

Материалды даярлаған: Анар Дәукенқызы

stan.kz