Бүгін – Қазақстанның Тәуелсіздік күні

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Қазақстан Тәуелсіздіктің 28 жылдығын атап өтіп жатыр. Ұлттық мерекеге орай қазақстандықтар 16,17 желтоқсанда демалады

НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Қазақстан халқы Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтеді. 

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 28 жыл толып отыр. Тәуелсіздік күні – еліміздегі басты ұлттық мереке. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік шаралар, салтанатты жиындар ұйымдастырылып, кешке қарай ірі орталықтардың алаңы мерекелік отшашумен көмкеріледі. 

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да бар еді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылдады. Бір қызығы, Қазақстан одақ құрамындағы елдер арасында мемлекеттік егемендігін ең соңғы болып жариялады. 

Тағы оқыңыз: Путин мен Цзиньпин Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады 

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары , екінші болып көрші Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран және басқа да мемлекеттер мойындады. 

Бұл күн мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17 желтоқсан күндері демалыс болып белгіленген. Биыл мереке күндері дүйсенбі мен сейсенбіге түскендіктен, қазақстандықтар сенбі мен жексенбіні қосқанда, қатарынан 4 күн демалады.  



sputniknews.kz