Бүгін өту керек болған ҰБТ кейінге қалды

0

Алматыда бүгін өтуі қажет болған ҰБТ кейінге қалды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. 

«Бүгін 2024 жылғы 19 маусымда Ustudy серіктестігінің жанында техникалық ақаудың болуына байланысты Алматы қаласында өтетін ҰБТ басқа күнге ауыстырылады.

Атап өтсек: 1-лек 23 маусымның 2-легіне, 2-лек 30 маусымның 2-легіне ауыстырылады», — делінген хабарламада.