Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.
Отырыс барысында елдің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылады және Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері тұжырымдалады.
Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірлердің әкімдері баяндама жасайды.
Сондай-ақ, бүгін Мемлекет басшысының өңірлердің әкімдерімен дәстүрлі кеңесі күтілуде. Президенттің қабылдауында көптен бері болмаған бірқатар әкімдер бар.
фото: Ақорда